«Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары Қайрат Сатыбалдының қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы болуы мүмкін екендігін айтқан болатын. Тергеу бұған қатысты айыптауды ұсынған жоқ», - делінген сот мәліметінде.
Айта кетсек, бүгін Қайрат Сатыбалдыны 6 жылға бас бостандығынан айыру туралы сот үкімі шықты.
«Жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, ҚР Ұлттық банкінде және оның ведомстволарында, мемлекеттік және мемлекеттің үлесін құрайтын ұйымдарда лауазымға орналасу құқығынан айыра отырып, оған 6 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын», - деген еді судья.
Сондай-ақ сот үкіміне сәйкес Қайрат Сатыбалды әскери шенінен айырылып, мемлекеттік ордендерді қайтаруға міндеттелді.
Одан бөлек, судья сотталушыға қандай айыптардың тағылғанын түсіндірді.