Алматы әкімдігінің мәліметінше, жанкүйерлерге қолайлы жағдай жасау үшін жоғары жылдамдықтағы интернет, қосалқы электр қуаты, медициналық көмек, санитарлық инфрақұрылым және экологиялық мүмкіндіктер қарастырылған.
Одан бөлек жанкүйерлердің ыңғайы үшін сағат 18:00–ден бастап қаланың негізгі нүктелерінен стадионға және кері бағытта тегін автобустар қатынайды:
- «Қалқаман» ықшам ауданы (№ 7 қалалық аурухана аялдамасы);
- «Орбита» ықшам ауданы (Мұстафин — Торайғыров көшелерінің қиылысы);
- «Айнабұлақ» ықшам ауданы (Мақатаев — Павлодар көшелерінің қиылысы);
- «Халық Арена» аялдамасы (солтүстік бағыт);
- Алматы-1 теміржол вокзалы;
- Алматы-2 теміржол вокзалы;
- Наурызбай аудандық ХҚКО;
- Момышұлы — Мөңке би көшелерінің қиылысы.
Стадион есігі жанкүйерлер үшін сағат 18:45–те ашылады.
Жалпы «Қайрат» — «Селтик» матчында қауіпсіздікті 1,5 мың полиция қызметкері қамтамасыз етеді.
Бұған дейін «Қайрат» — «Селтик» матчына алыпсатарлар билетті 5 мыңнан 100 мың теңгеге дейін сатып жатқанын жазғанбыз.