«Қайрат» шағын футбол клубы «Орал кубогы» турниріне қатысуда

АЛМАТЫ. 20 тамыз. ҚазАқпарат - Екатеринбургте 21-25 тамыз күндері шағын футболдан ХХІХ «Орал кубогы» турнирі өтеді. Онда Алматы қаласының «Қайрат» шағын футбол клубы алғашқы ойынын Новосібірдің «Сибиряк» командасымен өткізеді.

Одан кейін «Тюмень» (Тюмень), «Норильский Никель» (Норильск),  «Синара» ( Екатеринург), «Ямал-НУБК» (Новый Уренгой) командалпарымен кездеседі.

2011/2012 жылғы маусымда Ресей чемпионатының супер-лигасында новосібірліктер чемпион, тюменьдіктер қола жүлдегер атанған болатын. Ал екатеринбургтіктер бесінші, норильск аяқдопшылары жетінші орынға табан тіреген.  Жоғарғы лигада өнер көрсететін новоуренгоялықтар биыл чемпиондықтан үміткер команданың бірі болып отыр.