«QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар Кеңесінің 2022 жылдың 14 қаңтарындағы шешіміне сәйкес, К.К.Шарипбаевтың арызы негізінде, оның «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды.
16:52, 15 Қаңтар 2022
Қайрат Шарипбаевтың «QazaqGaz» ҰҚ» АҚ Басқарма төрағасы ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қайрат Шарипбаевтың «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.