Қайрат Төребаев жаңа қызметке тағайындалды

Фото: Фото: primeminister.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Қалмұқаметұлы Төребаев жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. 

— Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Қалмұқаметұлы Төребаев Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасына жаңа басшы тағайындалғанын жазған болатынбыз.