АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Қалмұқаметұлы Төребаев жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
— Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Қалмұқаметұлы Төребаев Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасына жаңа басшы тағайындалғанын жазған болатынбыз.
Бақытгүл Абайқызы
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. "Ақпарат саласының үздігі" салалық төсбелгі иегері (2018 ж.)