Кайрат Түнтеков Фаррелл Уильямстың «Happy» әнін автордан да асырып орындады - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кайрат Түнтеков Фаррелл Уильямстың "Happy" әнін автордан да асырып орындап қана қоймай, тамаша бейнебаян да түсірген.

Қазіргі сәтте YouTube сайтына салынған бұл клипті 24 мыңнан астам адам тамашалап үлгерді.

Қ.Түнтеков 1986 жылы Шымкент қаласында туған. Superstar.kz жобасында жеңімпаз болған 2005 жылдан бастап жұртқа таныла бастады.