«Бакудегі сыйымдылығы 2200 жанкүйерге арналған «Серхедчи» олимпиадалық спорт кешенінде өтетін турнирге УЕФА кубогының иегері Алматының «Қайрат», испандық «Барселона», әзербайжандық «Араз» және мәскеулік «Динамо» клубтары қатысады», - делінген хабарламада.
Кездесу кестесі (Баку уақыты бойынша - Астана уақытымен екі сағат айырмашылық бар)
24 сәуір
18:30 Қайрат - Динамо 21:00 Араз - Барселона
25 сәуір демалыс күні
26 сәуір 19:00 үшінші орын үшін матч 21:30 Финал
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Алматының «Қайрат» командасы отандық шағын футбол тарихында алғаш рет жартылай финалда Испанияның «Барселонасын», ал финалда Мәскеудің «Динамосын» ұтып, УЕФА кубогының иегері атанған болатын.