Қазақстандық команда Португалияның «Брага»-сын ойсырата жеңді - 4:1.
«Қайратта» гол соққандар - Тайнан (11-інші және 20-сыншы минуттар) мен Игита (36-ыншы минутта), сондай-қ өз қақпасына «Брага»-ның футболшысы Мариньо (13-минут) салды. Португалдықтардан жалғыз голмен көзге түскені Руан (29-минут) болды.
Енді 26 қараша күні «Қайрат» «Интерге» қарсы соңғы матчын өткізеді. Әрбір топтан «Төрттік финалына» бір команда өтеді.