АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін, 5 желтоқсанда футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалында қазақстандық «Қайрат» және «Семей» клубтары қарымта ойындарын өткізеді. Жарыстың аталған сатысындағы алғашқы кездесуде алматылық клуб сырт алаңда Бельгияның «Андерлехт» клубын 7:3 есебімен тізе бүктірді.
Енді олар қарсыластарына үш гол айырмасымен жеңіліп қалмауы тиіс. Нәтижесінде жарысты жалғстыруға мүмкіндік алады.
Ал «Семей» бірінші кездесуде өз алаңында франциялық «Этуальмен» 3:3 есебімен тең түсті. Енді олар қарымта ойында қарсыласын жеңіліп қалмауы қажет. Тең нәтиже тіркелсе жеңімпаз пенальти арқылы анықталады.
Биыл футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіне өзгерістер енгізілді.
Жарыстың аталған сатысында 16 команда сегіз жұпқа бөлінді. Командалар өз алаңында және сырт алаңда бір-бір кездесуден өткізді. Бұл ойындар 2025 жылдың 24 қараша-6 желтоқсан аралығында болды.
Одан кейін 2026 жылдың 23 ақпаны мен 6 наурызы аралығында командалар сол ереже бойынша ширек финалда сынға түседі.
Финал 2026 жылдың мамыр айында Италияның Песаро қаласында өтеді. Онда төрт команда шеберлік байқасады. Алдымен жартылай финал болса, одан кейін финал мен 3-орын үшін ойындар өткізіледі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.