Қайрат Жолдыбайұлы: Зират басында арақ ішкен өзге дін өкілін көргенде мұсылман қайтпек
«Ұлттық пантеон құрылысына қыруар қаржы бөлініп жатыр. Ол жағына мен араласпай-ақ қояиын. Бірақ мәселенің дін маманы ретінде мен араласпасам болмайтын тарабы бар. Понтеонда мұсылмандар мен өзге дін өкілдері бөлінбеген. Қатар жерленуде. Бұл шариғатқа да, қазақ дәстүріне де қайшы. Ғұламалар басқа дін өкілдерінің зиратына жерленген мұсылманды қайта жерлеу керектігін айтқан. Мұның алды алынбаса, болашақта діни дүрдараздыққа, тіпті ұлтараздыққа себеп болуы мүмкін. Ертең басқа дін өкілдерінің əруағына құрмет ретінде зират басында арағын ішіп, шариғатқа қайшы түрлі əрекеттерін жасап жатқанын көрген мұсылман баласы қандай күйде болуы мүмкін?!»,-дейді дінтанушы.
Айта кетейік, Астанада салынатын Ұлттық пантеонға мемлекеттік бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінбек.