АСТАНА. KAZINFORM — Алматылық «Қайраттың» футболдан UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі ықтимал қарсыластары анықталады.
Кеше, 17 маусымда алматылық команданың аталған турнирдің бірінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы анықталды. Олар Словенияның «Олимпия» командасымен 8/9 шілдеде Люблянада және 15/16 шілдеде Алматыда жарыстың келесі сатысына берілетін жолдаманы сарапқа салады.
Егер алматылық клуб екінші іріктеу кезеңіне шыққан жағдайда төменде көрсетілген жұптардың жеңімпазымен кездеседі.
«Виртус» (Сан-Марино) — «Зриньски» Мостар (Босния және Герцеговина)
КуПС (Финляндия) — «Милсами» (Молдова)
«Нью Сейнтс» (Уэльс) — «Шкендия» (Солтүстік Македония)
«Шелбурн» (Ирландия) — «Линфилд» (Солтүстік Ирландия).
Жеребе тарту рәсімі бүгін, 18 маусымда қазақстандық уақытпен 15:00–ге белгіленген.
Егер «Қайрат» «Олимпияға» есе жіберген жағдайда Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңіне жолдама алады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.