«Қайраттың» екі футболшысы «Атырауға» ауысты

Фото: «Қайрат» ФК

АСТАНА. KAZINFORM — Егор Ткаченко мен Ян Труфанов «Атырау» футбол клубының сапында ойнайды, деп хабарлайды «Қайрат» ФК баспасөз қызметі.

— «Қайрат» ФК мен «Атырау» ФК футболшылардың ауысуына қатысты келісімге келді. Екі ойыншы да клубымыздың түлектері. Жігіттерге клубтың дамуына қосқан үлестері үшін алғыс айтып, әрі қарайғы мансаптарында сәттілік тілейміз! — делінген хабарламада.

Егор 2022 жылғы сәуірде Премьер-лигада «Тұранға» қарсы негізгі команда сапында дебют жасады. Сары-қаралар құрамында қорғаушы 39 матч өткізіп, бір нәтижелі пас жасады.

Ян алғаш рет негізгі команда сапында 2022 жылғы шілдеде ойнады. «Қайрат» құрамында форвард 22 матч өткізіп, 4 гол соқты.

Осыдан бұрын футболдан Қазақстан Премьер-лигасы қашан басталатынын жазған болатынбыз.