«Қайратты» Александр Бородюк басқарады

АСТАНА. Қазақпарат - Александр Бородюк қазақстандық «Қайрат» футбол клубының бас жаттықтырушысы Владимир Вайссты ауыстырады, деп хабарлады «Советский cпорт».

«Қайрат» өткен маусымда Қазақстан чемпионатының күміс медальдарын иеленді және ел Кубогын жеңіп алды.

Бородюк бұған дейін мәскеулік «Торпедода» қызмет атқарып, оны 2014 жылы премьер-лигага шығарды. Одан бұрын ол ұзақ уақыт Ресей құрамасы бас жаттықтырушысының көмекшісі болып жұмыс жасады.