ҚФФ Бақылау-тәртіптік комитеті бұл фактіні ҚФФ Тәртіптік регламентінің 48-бабы 2-тармағы негізінде қарады. Онда: «БТК БАҚ және жалпыға қолжетімді дереккөздерден алынған, оның ішінде бейнематериалдар және өзге де объективті материалдар негізінде анықталған өзге де ақпараттарға сүйеніп, істі қарауға құқылы» делінген.
Матчтың видеосын көру барысында БТК Кахабер Цхададзе тарапынан көреремендерге айтылған әдепсіз, дөрекі сөздер матч уақытында және ол аяқталғаннан кейін тәртіпсіздіктің орын алуына алып келді деген тұжырымға келді.
122-бапқа сәйкес «Қайрат» командасының бапкері Кахабер Цхададзе көрермендендерді арандатқаны үшін екі матчқа жарыстан шеттетілсін және оған 300 000 (үш жүз мың) теңге көлемінде айыппұл» түрінде санкция қолданылсын. Кахабер Цхададзені жарыстан шеттету мерзімі 2017 жылғы 10 шілде болып айқындалсын», - делінген қабылданған шешімде.