27 жастағы ойыншы бүгін Германияға ұшып кетті. Оның тізесіне ота жасалады. Ахметов мамыр айының басында жаттығулардың бірінде тегіршігін зақымдап алған еді. Кейін оған ота жасау керектігі белгілі болды. Осыған байланысты ол Еуропа Лигасының матчына қатыса алмауы мүмкін. Оның сауығуына кем дегенде 2-3 ай уақыт қажет.
Еске салайық, бұдан бұрын алматылық команданың негізгі форварды Чума Анене алған жарақатына байланысты ойыннан шығып қалған еді.