«Қайраттың» баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, менеджермен шарт тараптардың өзара келісімімен бұзылып отыр.
Евгений Калакуцкий аталған қызметке 2016 жылдың қазан айында келген болатын. Ол алматылық клубпен бірге Қазақстан суперкубогі мен Қазақстан кубогінің иегері, Қазақстан біріншілігінің екі дүркін күміс жүлдегері атанды.
«Қайрат» футбол клубы Евгений Калакуцкийге атқарған қызметі үшін алғыс айта отырып, алдағы қызметіне сәттілік тілейді», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.