«Қайраттың» жаңа бапкері ресми түрде таныстырылды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматының «Қайрат» командасына бас бапкер тағайындалды. Команда басшылығы жаңа бапкерді бүгін ресми түрде таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Қайрат» футбол клубының сайтына сілтеме жасап.

Команданың бақылаушы кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев клубтың оқу-жаттығу базасының баспасөз залында жаңа бапкерлік құрамды таныстырып өтті. Ендігі кезекте алматылық клубқа Алексей 

Шпилевский бас бапкер болса, оған Христос Пападопоулос пен Томми Яниген көмекшілік жасайтын болды.

Команда алдында Алексей Шпилевский сөз алып, оларға өз лебізін білдірді. Сондай-ақ, «Қайрат» басшылары мен ойыншыларын Қазақстан кубогы финалындағы жеңісімен құттықтады.

Алексей Шпилевский - беларусь маманы, ол бұрын немістің «Штутгарт» командасында және Беларусьтің әр жастағы құрамаларында ойнаған. 2011 жылы Германияда бапкерлік дәрежеге қол жеткізді. Өзінің бапкерлік қызметін «Штутгарт» академиясында бастады. 2013-2018 жылдар аралығында «РБ Лейпциг» академиясында бапкерлік қызмет атқарды. Ол соңғы уақытта Беларусьтің Брест қаласының «Динамо» клубы тізгінін ұстаған еді.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын «Қайрат» командасына жаңа бапкер тағайындалатыны жөнінде хабарлаған едік.

Сондай-ақ, 24 қарашада «Қайрат» 9-мәрте Қазақстан кубогы иегері атанды.