АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Қайрат» футбол клубының «Қайрат» U-16 жасөспірімдер командасы халықаралық турнир – Дмитрий Бесов кубогына қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Санкт-Петербург қаласының «Газпром»-Академия манежінде 24-26 ақпан аралығында 15 жастағы футболшылардан құралған 4 команда ойнайды. Олар: санкт-петербургтік «Зенит», «Қайрат», сербиялық «Црвена Звезда» және Минскінің «Динамосы». Әр команда әрқайсысымен бір рет ойнайды.
«Қайраттың» матч кестелері (Алматы уақыты бойынша):
24 ақпан, сағат 14:00-де «Қайрат» – «Динамо-Минск»,
25 ақпан, сағат 14:00-те «Црвена Звезда» – «Қайрат»,
26 ақпан, сағат 16:00-де «Зенит» – «Қайрат».
Фото: instagram.com/fckairat_academy
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.