Сыйлық әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Қазақ журналистикасы тарихын зерттеу мен даму үдерісінің өзекті мәселелері» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда табыс етілді. Ол «Қазақ» газетінің 100 жылдығына және қазақ руханиятының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 140 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.
Журналист Қайсар Әлім бұған дейін «Ерен еңбегі үшін» медалімен және ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталған еді. Республиканың түрлі баспаларынан әр жылдары жарық көрген 23 кітаптың авторының 2007 жылы 8 томдық шығармалар жинағы да оқырманға жол тартқан болатын.
Конференция барысында Қазақ журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев Қоғабай Сәрсекеевке «Қазақ журналистер одағының» дипломын табыс етті. Бас редакторлар клубының президенті Кенжеболат Жолдыбайдың айтуынша, Қоғабай Сәрсекеев кеше Бас редакторлар клубының 30-шы мүшесі болып тағайындалған көрінеді.