АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 7-турында «Астана» «Қайсардан» басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған турды Қызылордада жергілікті «Қайсар» мен елордалық «Астана» қорытындылады.
Кездесу барысында елордалық командадан Жарко Томашевич 53-минутта гол соқты. Оған 78-минутта алаң иелері сапынан Жоао Оливейра бір голмен жауап қайырды.
Кездесудің 82-минутында елордалық командадан Абат Айымбетов жеңіс голын соқты.
Осылайша «Астана» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.
Еске салсақ, 22 сәуірде «Мақтарал» өз алаңында «Жетісудан» жеңіліп қалса , «Қызылжар» мен «Каспий» 1:1 есебімен тең ойнады.
Ал 23 сәуірде «Оқжетпес» пен «Шахтер», «Тобыл» мен «Ақтөбе», «Қайрат» пен «Ордабасы» тең нәтижеге қанағат білдірсе, «Атырау» өз алаңында «Ақсуды» 2:1 есебімен жеңді.
Ал сегізінші тур ойындары 6 және 7 мамыр күндеріне белгіленген.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.