«Қайсар» футбол клубының басқарушы директоры тағайындалды

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — Қызылорда облысы «Қайсар» футбол клубының басқарушы директоры болып Бақытжан Пазылхайыр тағайындалды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: "Қайсар" ФК

Бақытжан Пазылхайыр Қызылорда қаласында дүниеге келген. Әр жылдары Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінде, «Amanat» партиясында, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-да түрлі басшылық қызмет атқарған.

Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының атқарушы директоры болды.

Сондай-ақ Кәсіби клубтар арасындағы жарыстарды ұйымдастыру дирекциясын басқарды.

Бұған дейін «Қайсар» футбол клубының баспасөз қызметі клубтың бас бапкерлігіне үміткерлер туралы ақпаратқа байланысты ресми мәлімдеме жасады.