«Қайсар» құрамына африкалық футболшы қосылды

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорданың «Қайсар» командасы құрамына шетелдік жартылай қорғаушы қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қайсар» командасының басшылығы Конго Демократиялық Республикасы еліненкелген Андре Букиамен келісімшартқа отырды. Андре Букиа 1995 жылдың 3 наурызындааталмыш мемлекет астанасы - Киншаса қаласында дүниеге келген. Ол жастайынанПортугалияның «Брага» командасында тәлім алды. Үлкен футболдағы жолын 2014 жылысол елдің «Вила Реал» командасында бастады. 2015-2018 жылдар аралығындаПортугалияның «Боавишта» клубы құрамында болды. Сондай-ақ, ол бір жыл «Арука»командасына жалға берілді. Былтырдан бері сол команда құрамында 31 ойыннанкейін 5 гол соқты. Андре Букиа «Қайсар» сапында 77 нөмірлі жейдемен ойын көрсетеді.

Айта кетелік, «Қайсар» бүгін сырт алаңда Алматының «Қайрат» командасыменкездеседі.

Андре Букиа аталмыш кездесуде тұсаукесер ойынын өткізуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетелік, «Қайсар» басшылығы Карлос Мигел Таварес деОливейрамен (Карлитос) келісімшартты үзді. Ол команда құрамына биыл қосылып, өзіқатысқан бес кездесуде бірде-бір гол соға алған жоқ.

Еліміздегі трансферлік кезең 26 маусымда басталды. Ол 24 шілдедемәресіне жетеді.

Кеше еліміздің Премьер-лига командалары арасындағы біріншілігінің18-турындағы екі ойын өткізілді. Талдықорғанның «Жетісуы» өз аалңындаПавлодардың «Ертісімен» 4:0 есебімен тең түссе, «Ақтөбе» Қарағандының«Шахтерімен» 2:2 есебімен тең ойнады.

Бүгін, 14 шілдеде қалған үш ойын өткізіледі. Бұл күні «Оқжетпес» пен «Тараз»,«Ордабасы» мен «Тобыл», «Қайрат» пен «Қайсар» командалары шеберлік байқасады.

Соңғы жаңалықтар