Қайсар Жаңаханов «Литер» газетінің директоры - бас редакторы болып тағайындалды

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - «Нұр Медиа» ЖШС-нің бас директоры Ерлан Байжанов «Литер» газетінің ұжымына жаңа тағайындалған директоры - бас редакторы Қайсар Жаңахановты таныстырып өтті.

Қ.Жаңаханов 1972 жылдың 19 шілдесінде дүниеге келген. 1997 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «саясаттану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2001-2004 жылдары - ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіндегі БАҚ департаментінің жетекші маманы, бас маманы,  электрондық баспасөз бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.

2004-2004 жылы - ҚР Президенті Әкімшілігінің жұртшылықпен және баспасөзбен байланыс бойынша бөлім секторының бас сарапшысы, меңгерушісі болып жұмыс істеген.

2004-2006 жылдары - ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және архивтер комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарған.

2006-2006 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

2006-2007 жылдары - «KazEnergy» мұнай және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы» заңды тұлғалас бірлестігінің атқарушы директоры болып жұмыс істеген.

2007-2007 жылдары ««Самұрық» активтерді басқару бойынша қазақстандық холдингі» АҚ-ның адами қорларды дамыту бойынша департаменті директорының орынбасары қызметінде болған.

2007-2008 жылдары - «Рауан Медиа Групп» АҚ-ның ақпараттық-сараптамалық орталығы директорының орынбасары, директоры қызметтерін атқарды.

2008 жылғы қараша айынан бастап - «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары болды. 2009-2011 жылдары - «Нұр-Медиа» ЖШС-нің бас директоры. 2011 жылдың желтоқсанынан бастап «Астана» телеарнасының бас директоры қызметін атқарды. Соңғы уақытта ҚР Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне жетекшілік еткен.