Биыл бірінші лигада барлығы 14 команда премьер-лигаға берілетін екі жолдамаға таласады. Мамандар оған «Қайсар» (Қызылорда), «Жетісу» (Талдықорған) және «Оқжетпес» (Көкшетау) командаларын басты үміткер ретінде санайды.
Алғашқы екі турда аталған үш команда ұпай жоғалтқан жоқ.
Екінші турда «Қайсар» сырт алаңда Түркістанның «Яссы» командасын 2:1, «Оқжетпес» елордалық «Жеңісті» 3:0 есебімен сүріндірді.
Ал, «Жетісу» өз алаңында «Астана-2» командасынан 1:0 есебімен басым түсті.
Екінші турдағы өзге ойын нәтижелері төмендегіше:
«Екібастұз» (Павлодар облысы) - «Тараз-Қаратау» (Жамбыл облысы) 0:0
«Байқоңыр» (Қызылорда) - «Қыран» (Шымкент) 0:1
«Игілік» (Жамбыл облысы) - «Қайрат-2» (Алматы) 1:7
«Оңтүстік академиясы» (Шымкент) - «Шахтер-Болат» (Қарағанды) 4:1
Енді үшінші тур ойындары 30 сәуір күні өткізіледі.
Еске салсақ, бұдан бұрын премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің жетінші туры өтті.