«Қайсар» алғашқы үш турды сәтсіз өткізді. Алғашқы екі ойын өз алаңында болғанына қарамастан «Ақтөбеден» 0:1 есебімен жеңіліп, «Ақжайықпен» 1:1 есебімен тең түсті. Ал сырт алаңда азулы «Астанаға» 0:2 есебімен жол берді. Үш турда небәрі 1 ұпай алған қызылордалық футболшылар турнир кестесінде тоғызыншы орында тұр.
«Спортта мұндай жағдайлар кездеседі. «Қайсарда» әзірге сәттілік жетіспей жүрген секілді. Команда алдағы уақытта жанкүйерлерді қуантарлық нәтижеге қол жеткізеді деген ойдамын»,- деді басқарма басшысы.
Бірқатар ақпарат құралдары С.Младенов «Қайсардың» 7 сәуірде сырт алаңда «Жетісуды» жеңе алмаса қызметінен кетуі мүмкін деген болжам айтқан еді.
Үстіміздегі жылы басты құрылтайшы - облыс басшылығы «Қайсардың» алдына үздік бестікте болу міндетін қойған болатын.
Әділет Қаңтарбаев