ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорданың «Қайсар» командасының құрамы қазақстандық қорғаушы Бағдат Қайыровпен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме.
Бағдат Қайыров 1993 жылы 17 сәуірде Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Футболшылық ғұмырын 1992 жылы сол қаладағы «Ақтөбе-жас» командасынан бастады. 2015 жылы Ақтаудың «Каспий» командасында доп тепсе, 2016 жылдан бері «Ақтөбенің» намысын қорғады. Аталмыш ұжымда 102 ойын өткізіп, қарсыластар қақпасына 2 гол соқты. 2016 жылы «Ақтөбе» командасы сапында Еуропа лигасында ойнады.
Биыл «Қайсар» Еуропа лигасында бақ сынайды. Команда былтыр Қазақстан кубогына қол жеткізді. Қазіргі таңда Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жүр. Команданың оқу-жаттығу жиынына қазақстандық футболшылармен бірге Ресейден Алексей Шумских, Украинадан Ризван Аблитаров, Мозамбиктен Режиналдо Файфе, Португалиядан Нани, Кабо-Верде елінен Элвин Фортес шақырту алды.
Бұған дейін «Қайсар» қазақстандық қорғаушы Елдос Ахметовпен келісімшарт жасады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.