Қайта даярлаудан өткен мұғалімдердің еңбекақысы едәуір көтеріледі - Б. Жұмағұлов

ТАНА. 25 тамыз. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Әлемдік тәжірибеге сай әзірленген жаңа бағдарламалар бойынша арнайы үш айлық қайта даярлаудан өткен мұғалімдердің жалақысына едәуір қосымша ақы қосылады.

Бұл туралы бүгін Астанада «Отбасы, мектеп, қоғам - игілікті болашақ үшін бірге!» республикалық педагогикалық форум барысында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

Министрдің айтуынша, мұндай қайта даярлаудан бес жыл ішінде 120 мың мұғалім, яғни еліміздегі мұғалімдер корпусының тең жартысына жуығы өтеді. «Осыған арнап жаңа құрылым - Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жанынан Педагогикалық шеберлік орталығы және Педагогтердің біліктілігін арттырудың ұлттық орталығы құрылуда», - деді министр.

Оқу нәтижелері бойынша олар жаңа біліктілік деңгейі туралы сертификаттар алады. Яғни бірінші, екінші және үшінші деңгей.

Осы деңгейлерге сәйкес мұғалімдер жалақысына едәуір қосымша ақы төленіп, еңбекақы көлемі тағы да көтеріледі.