Оның ішінде 62 млрд. теңгеден астам сомаға 10374 өтінім мақұлданған. Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Төрағасы Данияр Ақышев ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының іске асырылу барысы туралы осындай деректер келтірді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.
Ол өтінімдерді жинаудың жалғасып жатқанын атап өтті. «Ұлттық банк бөлінген қаражатты игеру қарқынын ұлғайту үшін шаралар қабылдауда. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша берілген өтінімдер саны - 1408. 4,3 млрд. теңгеге 1000 өтінім мақұлданды», - деді Ұлттық Банк басшысы.
Ұлттық банк басшысы «соңғы уақыт ішінде Бағдарламаға толықтырулар мен өзгерістер енгізілгенін» еске салды, атап айтқанда:
- әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға жататын қарыз алушыларды мемлекеттік баж салығының сомасын төлеуден босатуды;
- проблемалық валюталық қарыздарды 2015 жылғы 18 тамыздағы бағам бойынша қайта қаржыландыруды;
- тұрғын үй аумағына қойылатын талаптарды (жалпы аумағы 120 шаршы метрден тұрғын аумағы 120 шаршы метрге) өзгертуді;
- үшінші тұлғалардың кепілімен қамтамасыз етілген қарыздарды қайта қаржыландыру мүмкіндігін енгізілгенін;
- егер мүлік қаржы ұйымының балансына қабылданған болса, кредиттерді қайта қаржыландыру мүмкіндігін көзделгенін».
Сондай-ақ Ұлттық банк басшысы қазіргі уақытта Бағдарламаның потенциалды қатысушыларын қамтуды кеңейтуге бағытталған, Бағдарламаға жаңа өзгерістер топтамасы енгізіліп жатқанын белгілеп өтті.
Атап айтқанда келесілер жоспарлануда:
1) ПКҚ салымын банктердің игеру кезеңін 2016 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзарту;
2) Бағдарламаға қатысушы банктердің тізімін кеңейту;
3) қарыз алушы (бірлесіп қарыз алушы) болып табылмайтын кепіл беруші мен оның зайыбы (жұбайы) үшін 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жалғыз баспанасы бойынша шектеудің күшін жою;
4) 01.01.2015ж. жағдай бойынша кепілді жылжымайтын мүлікте екі отбасынан көп отбасы мүшелері (жақын туыстар) тұрып жатқан (ресми тіркелген) қарыз алушылар үшін тұрғын үй алаңы бойынша шектеудің күшін жою; Атап айтқанда, тұрғын үй алаңы бойынша шектеудің күшін жою туралы шешім Оңтүстік Қазақстан облысында орын алған жағдайлар ескеріле отырып қабылданды, мұнда жеке-тұрғын үй құрылысы дамыған және үйлерде бірнеше ұрпақтың туысқан отбасылары тұрады.
5) Бағдарламаның критерийлері бойынша тұрғын үй болып табылмайтын (мысалы, коммерциялық жылжымайтын мүлік, саяжайдағы үй және т.б.), бірақ қарыз алушы мен оның отбасы нақты тұратын, қарыз алушы мен оның зайыбы (жұбайы) үшін жалғыз жылжымайтын мүлік болып табылатын меншігінде жылжымайтын мүлігі бар қарыз алушылардың қарыздарын Бағдарламаға енгізу;
6) Бағдарламаға меншігінде Бағдарламаның критерийлеріне сәйкес келетін баспанадан басқа қосымша «жеке тұрғын үй құрылысы» деген мақсаттағы жер телімі бар қарыз алушылардың қарыздарын кіргізу;
7) Бағдарламаға шартты жасау сәтінде «мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар» санаты бойынша ХӘОТ мәртебесі бар, алайда осы мәртебеден 01.01.2015ж. айырылған қарыз алушыларды енгізу;
8) Бағдарламаға ХӘОТ-ға жатқызылған және 01.01.2015ж. жағдай бойынша меншігінде Бағдарламаның критерийлеріне сәйкес тұрғын үйі мен жер учаскесінен басқа, қосымша бір бірліктен артық емес коммерциялық жылжымайтын мүлігі бар қарыз алушылардың қарыздарын енгізу;
9) банктердің қарыз алушылардың қарыздарын қайта қаржыландыруы туралы Комиссияның шешімдеріне міндетті орындалу сипатын беру».
Сонымен қатар Ұлттық банк қарыз алушыларға көмектесу үшін облыстық әкімдікпен жұмысты жандандырады.
«Көмек банктерде Ұлттық банктің, әкімдік өкілдері мен банктер басшылығының қатысуымен жеке кездесулер ұйымдастыру, қарызын өтеуге мүмкіндігі жоқ қарыз алушыларды еңбекке орналастыру мәселелерін қарау арқылы көрсетілетін болады», - деп түсіндірді Ұлттық банк басшысы.