Қайтарылған актив: Риддерде аурухана салынады

АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде қайтарылған қаражаттан Риддер қаласындағы 200 орындық стационары мен бір ауысымда 500 адамды қабылдай алатын емханасы бар көпсалалы аурухана кешенінің құрылысын аяқтауға 28,2 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.

Коллаж: Kazinform