Қайтарылған активтер: Алматы облысында 10 жер учаскесі аукционға қойылды

Фото: Алматы облысы әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM – Алматы облысында 10 жер учаскесі сатылымға шығарылды. 

Қайтарылған активтерді басқару компаниясының мәліметінше, электронды жер аукционы E-Qazyna веб-платформасында бағаны көтеру әдісі арқылы өтеді.

Аукцион 2025 жылғы 13 тамызда өтеді. Саудаға Алматы облысында орналасқан 10 жер учаскесі шығарылып отыр. Лоттың жалпы бастапқы бағасы — 1 575 778 934 теңге.

Аукционға қатысу үшін:

— E-Qazyna платформасында тіркелу қажет;

— Кепілдік жарнаны енгізу керек;

— Өтінімді белгіленген мерзімде беру қажет.

Сауда онлайн-форматта өтеді, бұл оған әлемнің кез келген нүктесінен қатысуға мүмкіндік береді.

— Қайтарылған активтерді басқару компаниясы барлық процестің ашықтығын қамтамасыз етеді және объектілер туралы толық ақпаратты, яғни объектінің сипаттамасы мен бағалау құнын ашық жариялайды, — делінген хабарламада.

Аукционға қатысу шартымен толығырақ E-Qazyna платформасында танысуға болады.

Айта кетейік, кеше қайтарылған активтер есебіндегі Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағындағы бес жер учаскесінің сатылымы өтті