Қайтарылған активтер: Алматы облысында бес жер учаскесі сатылымға қойылды

Фото: freepik.com

АСТАНА. KAZINFORM – Алматы облысындағы 5 жер учаскесі және Алматы қаласындағы Көктем-2 ықшамауданында орналасқан тұрғын емес үй-жай саудаға қойылды.

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы E-Qazyna веб-платформасында бағаны көтеру әдісімен қайталама сауда-саттық өтетінін хабарлап отыр. Сауда-саттық 2025 жылғы 22 шілдеде сағат 12:00-де өтеді.

Саудаға 5 жер учаскесі қойылды:

1. Жалпы алаңы 964,00 га жер учаскесі, мекенжайы: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Теміржол ауылдық округінің аумағында орналасқан ауданның жерлері.

Бастапқы бағасы: 526 289 576,00 теңге. 

2. Жалпы алаңы 50,0000 га жер учаскесі, мекенжайы: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылдық округі, «Құрты» ӨК жерлері.

Бастапқы бағасы: 36 073 542,00 теңге. 

3. Жалпы алаңы 142,92 га жер учаскесі, мекенжайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылдық округі, Шамалған ауылы, «Шамалған» ӨК, уч.4409А.

Бастапқы бағасы: 89 503 046,00 теңге. 

4. Жалпы алаңы 1400,00 га жер учаскесі, мекенжайы: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Сарытауқұм ауылдық округінің аумағындағы ауданның жерлері, уч.523.

Бастапқы бағасы: 74 215 251,00 теңге. 

5. Жалпы алаңы 2400,00 га жер учаскесі, мекенжайы: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Сарытауқұм ауылдық округінің аумағындағы ауданның жерлері, уч.524.

Бастапқы бағасы: 125 134 102,00 теңге. 

Сондай-ақ тұрғын емес үй-жай сатылады, орналасқан жері: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Көктем-2 ықшам ауданы, 22-үй.

Бастапқы бағасы: 3 064 028 800,00 тенге.

- Сауда-саттыққа қатысу үшін E-Qazyna платформасында тіркеліп, кепілдік жарна енгізу керек және белгіленген мерзімде өтінім беру қажет. Сауда онлайн форматта өтеді, бұл қатысушыларға әлемнің кез келген жерінен қосылуға мүмкіндік береді. Қайтарылған активтерді басқару компаниясы ашықтық пен жариялылық қағидатын ұстанып, активтер мен оларды бағалау құны туралы ақпаратпен бөліседі, - делінген хабарламада.

Саудаға қатысу шарттарымен E-Qazyna платформасында танысуға болады. 

Еске салайық, елімізде қайтарылған активтер қаражаты есебінен 400-ден астам әлеуметтік нысан салынып жатыр.