Ведомство дерегіне сәйкес, Арнаулы мемлекеттік қор қаражатының басым бөлігі, нақты айтқанда 78,9 млрд теңгесі Шығыс Қазақстан облысына, 69,4 млрд теңгесі Солтүстік Қазақстан облысына және 64,7 млрд теңгесі елордаға бөлінген.
Ал ең аз қаражат, нақты айтқанда 8,2 млрд теңге Маңғыстау облысына, 7,2 млрд теңге Атырау облысына және 2,5 млрд теңге Шымкент қаласына берілген.
Агенттіктің ресми сауалына берілген жауапқа қарағанда, қаржыландыру деңгейінің әртүрлі болуы әкімшіктер бастама жасаған өтінімдердің санына, жобалық-сметалық құжаттаманың дайындығына, сонымен қатар жобалардың басымдығы мен қаржы бөлудегі кезекке байланысты. Қаржы инфрақұрылым тапшылығы қатты байқалатын өңірлерге бірінші кезекте бөлінеді.
Бұған дейін қайтарылған активтер қайда жұмсалып жатқанын жазған едік.