«Біздің Қаржы министрлігінде арнайы шот бар. Бүгінгі таңда осы шотқа 176,9 млрд теңге жиналды. Ол ақша ең керек инфрақұрылымдық шараларға жіберіледі. Оның тізімін шығарып жатырмыз. Мысалы, өңірлерде ауызсу проблемасы өте көп, соған жібереміз. Сондай-ақ, энергия тапшы өңірлер болса, жоба жасап қаржы бағыттаймыз. Осының бәрін Үкіметте ақылдасқаннан кейін ашық көрсетеміз», - деді министр.
Оның айтуынша, мүлік түрінде қайтарылған активтер бөлек жиналып жатыр.
«Мүлік бұл қорға түспейді. Оған бөлек компаниямыз бар. Олар оны пайдаланады немесе сатады. Оның толық тізімін қосымша беруге болады. Дәл қазір қанша теңгенің мүлігі қабылданғанын айта алмаймын», - деді Мәди Такиев.
Осыған дейін Мәди Тәкиев экономика өскенімен, жалақы неге өспей жатқаны туралы сауалға берген жауабын жарияладық.