Бұл қаражат мектептер, ауруханалар, спорттық және басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына бағытталып жатыр.
Көлік саласында 40 миллиард теңгеден астам сомаға 6 ірі жоба іске асырылып жатыр. Олардың үшеуі аяқталды.
Осындай жобалардың бірі — Павлодар әуежайын қайта жаңарту. Әуежайдың жағдайы ұзақ уақыт бойы өңірдің әуе қатынасын шектеп келген.
— Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен ұшу-қону жолағын қайта жаңарту аяқталды. Енді әуежайдың өткізу қабілеті сағатына 200-ден 300 жолаушыға дейін артты, — делінген хабарламада.
Оң өзгерістер Арқалықта да болды.
— 30 жылдан астам уақыт бойы қала мен маңайдағы аудандардың тұрғындары тұрақты әуе қатынасына қол жеткізе алмаған. Биыл 22 тамызда қайтарылған активтер есебінен жаңа терминал құрылысы мен әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды, — делінген Бас көлік прокуратурасы хабарламасында.
Бұдан бөлек, ағымдағы жылғы 1 маусымда жыл сайын мыңдаған тұрғындар мен туристер пайдаланатын Балқаш әуежайы пайдалануға берілді.
Әуежайларды жаңарту — бұл тек жаңа ғимараттар мен ұшу жолақтары ғана емес. Ең алдымен, ұшу қауіпсіздігі, ынғайлы әуе қатынасы және өңірлерді дамытудың жаңа мүмкіндіктері.
Осылайша, қайтарылған активтер нақты қолданыс тауып, азаматтардың игілігіне жұмыс істеп жатыр.
Айта кетелік қайтарылған активтер есебінен өңірлердегі 500 инфрақұрылымдық жобаға 610 млрд-тан астам теңге бөлінген еді.