Қайтарылған активтер: Жамбыл облысында Жаңаөткел ауылы таза ауыз сумен қамтамасыз етілді

ТАРАЗ.  KAZINFORM – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен 19 ауыз сумен қамтамасыз ету және денсаулық сақтау нысанының құрылысы қаржыландырылды. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлім етті. 

Фото: zhanaqorgan-tynysy.kz

Мәселен, 2025 жылғы 30 маусымда Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров Жамбыл ауданы Жаңаөткел ауылында сумен жабдықтау жүйесінің ашылу салтанатына қатысты.

— Бұл бастама мемлекетке қайтарылған қаражаттың қоғамның игілігіне қалай ықпал ететінін және негізгі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жағдай жасайтынын айқын көрсетеді, — деді Нұрғалым Әбдіров. 

Бұл объектінің ашылуына дейін ауылда сумен жабдықтау жүйесі болмаған және ауыл тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етілмеген. 

Енді жаңа сумен жабдықтау жүйесі 260-тан астам ауыл тұрғынын таза ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен ауылдық дәрігерлік амбулатория ашылғанын жазған едік.