Қайтарылған активтерді басқару компаниясы 14,9 млн теңгенің әшекейін аукционға шығарды
АСТАНА. KAZINFORM – «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі электронды аукционға бастапқы жиынтық құны 14,9 млн теңге болатын әшекей бұйымдарын шығарды.
Аукцион 15 тамыз күні сағат 10.00-де басталады.
Саудаға қойылған лоттар:
• Әшекей бұйымдар (бижутерия) — 15 дана, бастапқы бағасы — 139 100 теңге;
• Сувенирлік монеталар мен қаламдар — 32 дана, бастапқы бағасы — 8 640 728 теңге;
• Былғары белдік пен қару түрлері — 26 дана, бастапқы бағасы — 6 118 847 теңге.
— Активтердің жалпы бастапқы құны — 14 898 675 теңге. Аукционға қатысу үшін E-Qazyna платформасында тіркеліп, кепілдік жарнаны енгізу және өтінімді белгіленген мерзімде тапсыру қажет, — делінген хабарландыруда.
Бұған дейін 2025 жылдың басынан бері аукциондар арқылы 32 қайтарылған актив сатылғанын жазған едік.