Қайтарылған активтердің 318,1 млрд теңгесі әлеуметтік жобаларға бөлінді
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен биыл Арнаулы мемлекеттік қорға 434,3 млрд теңге түсті. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Тәкиев Үкімет отырысында айтып берді.
− Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен биыл Арнаулы мемлекеттік қорға 434,3 млрд теңге түсті. Бұл сомадан 318,1 млрд теңге 406 әлеуметтік маңызы бар жобалар қаржыландырылды, − М. Тәкиев Үкімет отырысында.
Министрліктің нақтылауынша, жобалардың басым бөлігі сумен жабдықтауға байланысты – 230 жоба, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында – 162, білім саласында – 10, спорт саласында – 4 жоба қаржыландырылған.
Айта кетейік, қайтарылған активтерді әділ әрі тиімді пайдалану жөніндегі мемлекеттік саясат аясында ауылдық елді мекендерде әлеуметтік маңызы бар жобалар жүзеге асырыла бастады.
Бұған дейін Мәди Тәкиев биылғы жартыжылдықта мемлекеттік бюджеттің кірістері шамамен 11 трлн теңге немесе жоспардың 106,4%-ын құрағанын айтқан еді.