Туыстары «қайтыс болған» адамды жерлеу рәсіміне дайындай бастады. Денесін жуған соң, кейін тиіс болған ағаш пен матадан жасалған, арнайы өртелетін құрылғыға салған. Туған-туыстары жерлеу рәсімінде жылап-сықтай бастағанда қарт адам әуелі қимылдап, сосын орнынан тұрып кеткен.
«Тірілген» адамның немересі Банду Налваның сөзіне сілтеме жасаған Daily Mail-дің хабарлауынша, қария туыстары қатты жылағанда есін жиған. Әйел атасының қимылдағанын көріп қалады, алғашқыда елес болар деген де ойға келген. Алайда қарт көзін ашып, сосын орнынан тұрған.