Бұл туралы сейсенбі, 24 қаңтар күні Bangkok Post хабарлады.
Бұл оқиға дайвингпен айналысқысы келген саяхатшылар тобы Ко Рок аралына бағыт алған кезде Андаман теңізінде орын алды. Өрт шағын кеменің артқы бөлігінен шықты. Олар өртті ауыздықтай алмай, суға секіруге тура келген. Бірнеше уақыт өткен соң зардап шегушілерді балық аулайтын траулер судан шығарды. Артынша оларды теңіз полициясы алып кеткен. Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ.
Фoто: Damir Sagolj / Reuters