Ғалымдар қайын қабығының теріге молекулярлық деңгейде әсер ету механизімін зерттеген. Зерттеудің бірінші кезенінде терінің зақымданған клеткалары жараның аумағындағы бактериялар мен өлі ұлпаларды жоятын фагоцитті тартатыны белгілі болды. Яғни, бетулин сіріндісі бар қабықтың сығындысы жараның ісігін басатын фагоциттердің көлемін ұлғайтады.
Ал, зерттеудің екінші кезеңінде кератиноциттердің жараның бетін жабатыны байқалды. Сондай-ақ қайыңның сығындысындағы бетулин мен лупеол регенерациялау процессіне жауапты ақуыздардың белсенділігін арттырады екен.
Осы орайда, ғалымдар бұл жаңалық проблемалық терілерді емдеуге қажетті косметикалық өнімдер жасау кезінде септігін тигізеді деп отыр. «Аллергия, безеу сияқты түрлі аурулар терінің регенерациялануын талап етеді. Бұл ретте қайың қабығының құрамындағы табиғи қоспалардың көмегі зор» дейді мамандар.