Қайырбек Өскенбаев Арыстағы үйлердің сапасына қатысты ақпаратқа жауап берді

Фото: None
АРЫС. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев Арыс қаласында үйлерді қалпына келтіру жұмыстарының сапасыздығына қатысты ақпараттарға түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз тұрғындарданқұрылыс жұмыстарына алаңдамауын сұраймыз. Бірде-бір шенеунікжұмысын аяқтамай қаладан кетпейді. Осы уақыт ішінде біз сіздермен бірге болдықжәне күн сайын 17 сектордың әрқайсысын тексеріп отырамыз. Ол үшін ҚР ПрезидентіҚасым-Жомарт Тоқаевтың нақты тапсырмасы бар. Бұған қоса, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қаланы қалпынакелтіру жұмыстарының барысымен танысу мақсатында апта сайын Арысқа іс-сапаржасап, оны тікелейбақылауында ұстауда», - деп атап өтті Қайырбек Өскенбаев.

Оның айтуынша, Арысқаласында жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

«Алдымен, учаскедешатыр ауыстырылады. Одан кейін мамандар терезелерді салады. Бұдан әрі жұмысқаәрлеушілер кіріседі. Әрбір маман өз жұмысын орындап, тапсырады. Оның соңынанкелесі маман іске кіріседі. Яғни, үйлердің құрылысы мен қалпына келтіружұмыстарының барлық кезеңі ұдайы бақылауда. Қаланы қалпына келтіруге рекордтыкөлемде құрылысшылар жұмылдырылды. Қажетті материалдар жеткілікті мөлшердеүздіксіз жеткізіліп, барлық 17 штаб күшейтілген кестеде жұмыс істеп жатыр», -деді бірінші вице-министр.

Қайырбек Өскенбаевтіңсөзінше, құрылысшылардың үйлесімді жұмысының арқасында қысқа уақытта ауқымдыжұмыстар атқарылды.

Бүгінгі таңдаАрыстағы 6,7 мыңнан астам үйде негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. 2,6мың жеке және көпқабатты тұрғын үйде құрылысшылар косметикалық жөндеу жүргізуде.