Мәжілістегі парламенттік тыңдаудан кейін тілшілер министрден Қазақстандағы ең нашар және сапасы жоғары жолдар туралы сұрады.
«Нұр-Сұлтан – Бурабай, Нұр-Сұлтан – Қарағанды ең жақсы автокөлік жолдарының бірі екенін өздеріңіз білесіздер», - деді Қайырбек Өскенбаев.
Министр жақын арада Нұр-Сұлтан – Павлодар жолында құрылысы жүріп жатқан учаскенің құрылыс жұмыстары аяқталатынын атап өтті.
«Бұл учаскедегі құрылыс жұмыстарын аяқтағаннан кейін, осы жол да заманауи талаптарға сай келетін болады», - деді ведомство басшысы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қ.Өскенбаев көлік алуға жеңілдетілген пайызбен несие беру бағдарламасы аясында банктер 75 млрд теңге сомасына өтінімдерді мақұлдағанын айтты.