Қайырбек Сүлейменов 90-шы жылдардағы рэкеттер туралы айтып берді
00:44, 17 Желтоқсан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның саяси қайраткері, кезінде Ішкі істер министрі қызметін, Ұлттық қауіпсіздік комитеті хатшысының қызметін атқарған Қайырбек Сүлейменов «Тәуелсіздік тағылымы» тележобасы кезінде Кеңес одағы ыдыраған соң, Қазақстанның қылмыс әлемімен қалай күрескенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Тоқсаныншы жылдардың басында қылмыс саны күрт артты. Ұйымдасқан қылмыстық топтар, рэкеттер пайда бола бастады. Көрші елдердің қылмыскерлері өз ережелерін орнатпақ болды, тапсырыспен адам өлтіру белең алды. Сол кезде, Нұрсұлтан Әбішұлы құқық қорғау органдарының алдына міндет қойды. Біріншіден, қылмыспен күресу үшін заңнамалық база құру қажет болды. Бұл міндет те сәтті орындалып, кезең-кезеңмен тәртіп орнады»,-деді Қ. Сүлейменов «Тәуелсіздік тағылымы» атты тележоба барысында.
«Қайырбек Шошанұлының жұмысы оңай болған жоқ, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қылмыс қатты көбейген еді. Қазір прокурорлардың маған берген есебіне сенсек, қылмыс саны азайған»,-деді Елбасы Қ.Сүлейменовке қарата айтқан сөзінде.