«Карантин кезінде клуб тарабынан елордалық 1000 отбасыға көмек көрсетілді. Сонымен қатар қала маңындағы елді мекен тұрғындарына да қолданған келген көмегімізді көрсетіп жатырмыз. Күн сайын біздің волонтерлар көмек сұраған отбасыларға азық-түлік жеткізіп береді», - деді ол.
Оның атап өтуінше, бүгінде клубтың 1 мыңға жуық волонтері бар. Дегенмен оның ішінде 70-і белсенді волонтер саналады. Қазіргі карантинге байланысты елорда көшелерінде жүруге бірқатар шектеулер бар. Сондықтан клуб 10 волонтерге арнайы рұқсат қағазын жасатқан. Олар мұқтаж отбасыларға азық-түлік жеткізумен айналысады.
«Клубқа волонтер болуға ниеті бар кез келген адамды қабылдаймыз. Бірақ, клубтың ішкі ережелері бар. Яғни, айына бір рет кезекші болу, көмек сұраған отбасыларды тексеру және өткізілетін іс-шараларға белсене қатысу қажет. Әрине белсенді жандарды клубымызға шақырамыз», - деді Динара Бекмағамбетова.