51 жастағы Кристофер Коупленд Англия және Уэльс әмбебап дүкендерінде ақша жинайтын пункттер ашқан. Барлық ақшаны өз шотына аударып отырыпты. Оның алаяқтыққа барғанын сезген еріктілердің бірі полицияға хабарлады. Осылайша оңай жолмен ақша таппақ болған азамат қолға түсті. Судьяның сөзіне қарағанда, Коупленд ұзақ мерзімге бостандығынан айырылмақ, деп хабарлады BBC.
08:38, 29 Шілде 2014
Қайырымдылық қорынан жарты миллион доллар ұрлаған
АСТАНА. ҚазАқпарат – Британдық азамат сотта әскерилерге қолдау көрсететін Help for Heroes ('батырларға көмек') қайырымдылық қорына тапсырылған 300 мың фунт стерлингтен астам ақшаны ($500 мың) қалтасына басқанын мойындады