Қайырымдылық марафоны ойымды түбегейлі өзгертті – волонтер

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық Татьяна Косарева 2019 жылдан бері «Кызылорда волонтерлері» қоғамдық қорында жұмыс жасайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің қоғамдық қорда көп адам жоқ. Соған қарамастан көмек беруге әрқашан дайынбыз. Былтыр өңірде «Әлем барлығына бірдей» қайырымдылық марафоны өткізілді. Аталған шара барысында мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау бағытында нақты істер жүзеге асты. Оған көптеген адам жиналды», - дейді ол.

Татьяна еріктілер қозғалысының барлық бағыты бойынша жұмыс жүргізуді қалайды. Дегенмен, «Төтенше жағдайлар саласындағы еріктілер» бағыты бойынша көбірек көңіл бөледі. Көмек беруді сұраған азаматтардың барлығына қол ұшын созуға тырысады. Ол өзі қызмет атқаратын қорда сол бағыттағы жобаларға жетекшілік жасайды. Нәтижесінде былтыр «Төтенше жағдайлар саласында үздік волонтер» атағына лайықты деп танылды. Биыл Төтенше жағдайлар департаменті мамандары өткізген оқу барысында адамдарды судан құтқару ісін жан-жақты үйреніп алды.

«Мен волонтерлік қызметке бала жасымнан келдім десем де артық емес. Бүгінгі күнге дейін зооволонтер болып жүрмін. Қараусыз қалған жануарларды қорғауға назар аударамын. Бала кезімде көрші тұратын қария кісілерге қолғабыс жасайтын едім. Қорға қызметке келердің алдында ойландым. Қайырымдылық марафоны ойымды түбегейлі өзгертті. Алдағы уақытта бұл жолда көптеген жобаларды жүзеге асырамын деген ойдамын» , - деді Татьяна.

Айта кетерлігі, биыл Қызылорда облысында еріктілер штабы құрылған еді.

«Қазір өзімнің жобам бойынша жұмыс атқарған жоқпын. Оны алдағы уақытта көре жатамыз. Бүгінде елімізде карантин. Барлық тернингтер онлайн түрде өтіп жатыр. Біз UNICEF және Ұлттық волонтерлік жүйе алғыс айтамыз. Бұл кезеңде біз үшін қаншама құнды кеңес берді» , - деп атап өтті волонтер.

Карантин уақытында қызылордалық волонтерлермен бірге Татьяна тұрғындарға бір теттік медициналық маскалар таратты, қажет еткен отбасыларға азық-түлік жеткізіп берді. Полиция департаменті қызметкерлерімен бірге рейдтер шығып, карантин талабын бұзушылармен күрес жүргізді. Тұрғындарға қажетті дәрілерді жеткізуге атсалысты.