36 жасар ойыншы «Галатасарай» клубымен жасасқан келісімшарты негізінде жылына 7 млн. евро алатын көрінеді. Түрік елінің әлеуметтік желі қолданушылар айтқандай, «Дидье Дрогбаның бұл ісі - қайырымдылықтың нағыз үлгісі».
Естеріңізге сала кетейік, сейсенбі күні Ыстамбұлдан 200 шақырым қашықтағы Сома елді мекеніндегі көмір шахтасында газ қоспасы жарылды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, шамамен 2 шақырымдық тереңдікте электр сымының қысқа тұйықталуы салдарынан дұрыс жұмыс істемей тұрған трансформатор жарылған. Дәл осы кезде жер астында 787 адам болған. Соңғы деректерге сәйкес апат салдарынан 301 шахтер қаза тапқан.