Аталған көрсеткіш өндірістік кешендегі екі кен байыту фабрикасы атқарған жұмыстың нәтижесі. Жалпы өнімнің 1 миллион тоннасы Ақтоғай-1 кен байыту фабрикасында, 500 мың тоннасы Ақтоғай-2 фабрикасында өндірілген.
Ақтоғай-1 кәсіпорнындағы мыс концентратының алғашқы партиясы 2017 жылдың ақпанында шығарылды. Ал 2021 жылы бірінші фабриканың өндірістік тәжірибесін пайдалана отырып екінші фабрика іске қосылды.
— 1,5 миллион тонна мыс — компания үшін өте ауқымды нәтиже. Бұл Ақтоғайдағы бүкіл команда мен технологиялық процесстерді айтарлықтай жетілдіргеннің арқасында мүмкін болды. Бірінші кезеңде біз жаңа құрылғыларды меңгеріп, қажетті межеге жетсек, бүгінде фабрикамыз нық сеніммен және озық автоматизация жағдайында жұмыс істеуде, — дейді № 1 кен байыту фабрикасының өндірістік қызмет басшысы Дәурен Байжігітов.
Оның айтуынша, аталған жетістік түрлі сала мамандары: операторлар, технологтар, жөндеушілер, инженерлер мен жобалаушылардың еңбегінің арқасында мүмкін болды. Кеніштен руданы тұрақты жеткізу де өндіріс тиімділігін арттыруға көмектесуде.
Ақтоғайда өндірістік көрсеткіштерді саралап, құрылғылардың оңтайлы жұмыс режимін анықтауға көмектесетін жасанды интеллект жүйесі қосылған.
Өндірістік кешен кенді өңдеу көлемінің де артқанын көрсетуде. 2025 жылы Ақтоғайда 62,1 миллион тонна кен өңіделіп, айтулы рекорд тіркелді. Бұл — кәсіпорын жұмысын бастағаннан бергі ең жоғары жылдық көрсеткіш болып табылады.
— Біз үшін бұл нәтиже ең алдымен командалық жұмыстың күшін көрсетеді. Қауіпсіздік, қызметкерлердің біліктілігі, бөлімдердің өзара ынтымақтастығы мен нәтижеге ұмтылыс біздің жұмыс үшін аса маңызды рөл атқарады. Біз жетістігімізді бірінші немесе екінші фабрикаға тиесілі деп бөлмейміз. Бұл — тұтас Ақтоғайдың жетістігі, — дейді № 2 кен байыту фабрикасының өндірістік қызмет басшысы Алтынбек Ысқақов.
Ақтоғайдағы кешеннің тиімділігін ары қарай арттыру жабдықтарды жетілдіру, автоматизация мен цифрлық шешімдерді дамыту және мамандардың біліктілігін арттырумен байланыстырылады. Бұл тұрғыда жұмысшылардың қауіпсіздігі негізгі басымдықтардың бірі болып қала бермек.