KAZ Minerals Орлов шахтасында қайтыс болған жігіт туралы ақпарат берді

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - KAZ Minerals компаниялар тобының баспасөз қызметі Шығысы Қазақстандағы Орлов кенішінің аумағында жазым болған жігіт туралы ақпарат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Компанияның Шығыс Қазақстан облысы бойынша бұқарамен байланыс менеджеріЕрмек Дүзкеновтің айтуынша, опырылған тау жынысының астында қалған бекітушіАбай ауданының тумасы болған.

«Қайтыс болған жігіт 1985 жылы Абай ауданында дүниеге келген. Артында 2баласы қалды. Бекітуші болып жұмыс істеп жүрген. Төбедегі тас кесегі құлағандақасындағы жігіт қашып үлгерген. Ал марқұм кесектің тура астында тұрғандықтан,қашып кете алмаған», - дейді Ермек Дүзкенов.

Оқиғаның анық-қанығын арнайы құрылған тергеу комиссисясы анықтап жатыр. KAZMinerals компаниясы жазым болған кеншінің отбасына қанша өтемақы төлеукеректігін де осы комиссия анықтайды.

«Кәсіпорынның ұжымдық келісімшарты бойынша, қайтыс болған бекітушіні жерлеушығындарына жұмыс беруші қаржылай атсалысатын болады. Оның сыртында кәсіподақта көмектесіп жатыр. Ал қайғылы оқиғаға байланысты қанша өтемақы төленетінінтергеу комиссиясы шешеді. Жалпы мұндай жағдайларда көбінесе жазым болғанжұмысшының бір жылдық еңбекақысының 10 есесі төленіп жатады. Дегенмен, бұлнақты деп айтуға әзір ерте. Нақты сома комиссия жұмысы аяқталған кезде ғанабелгілі болады», - дейді менеджер.

Еске салсақ 13 шілде күнгі сағат 3.00-де Шығыс Қазақстандағы Орловшахтасының аумағында кеніш опырылып, соның салдарынан бір адам мерт болып, бірадам ауруханаға түскен болатын.

Соңғы жаңалықтар